Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1675675676


КГУ "Заринская ОШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    «Қош келдің, әз Наурыз»

    Дәстүрлі наурыз мерекесін қарсы алуға арналған іс-шаралар

    «Қош келдің, әз Наурыз»тақырыбында, жалпы жоспарға сәйкес дәстүрлі наурыз мерекесін қарсы алуға арналған іс-шаралардың алғашқысы болып «тұсау кесер» дәстүрін өткіздік. Одан кейін, шашу шашылып, жиналған дүйім жұртты дастархан басына шақырып, наурыз көжеден дәм татырдық. Мерекеміздің басты мақсаты: оқушыларға ата-баба салтын дәріптеу болғандықтан, 2-4, 6-9 сыныптар арасында, «байғазы сұрау», «келін түсіру» көріністері қойылды. Әсем әндер айтылып, мың бұралған бишілер би биледі. Ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында, ата-аналар арасында «мақал – сөздің мәйегі», «дәстүрім – асыл қазынам» атты сайыстар өтті. Үлкендер арасында неше түрлі ұлттық ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында асқа бата беріліп, дәм қайырымды.

    04.04.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки